Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
29 May 2025

«Діни экстремизм - қоғамға қауіп төндіреді»

 

Бүгінде дәстүрлі дін мен түрлі теріс ағымдардың аражігін ажырата білу аса маңызды. Оған тойтарыс беретін ең дұрыс жол – сапалы білім мен саналы тәрбие екені даусыз. «Отырар» кітапханасында «Діни экстремизм - қоғамға қауіп төндіреді» атты пікір алмасу кеші болып өтті.

Іс-шараға ауданның бас имамы Әбусейіт Бақыт Насырұлы қатысты. Бас имам Бақыт Насырұлы өз сөзінде: ислам дініндегі дәстүрлі емес ағымдар тарихына шолу жасай келе, әлемде және елімізде бой көрсетіп жүрген экстремистік және лаңкестік әрекеттердің зардаптары мен кері әсерін нақты мысалдармен түсіндіріп, дәстүрлі және дәстүрлі емес діни ағымдар, оларды ажырату жолдары туралы мағлұмат берді.

Сондай-ақ, сөз соңында діни экстремизмнің алдын алу және жолын кесу мақсатында бірлесіп жұмыс істеуге шақырды