Бүгін Түркістан қаласында облыстық «Бабалар мұрасы - ұрпаққа ұлағат» эпостық жырлар мен қисса дастандарды жатқа айтудан жасөспірімдер мен балаларға арналған «Едіге батыр», "Қобыланды батыр" жыры бойынша байқау жоғары деңгейде өтті.
Облыстық байқауда кітапханамыздың белсенді оқырмандары, ауданымыздағы Ә.Байтанаев негізгі орта мектебінің 4 сынып оқушысы ЖАҚСЫБАЙ БЕЙБІТ Бас жүлдені /300 000 теңгелік сертификат/, Жамбыл мектеп – лицейінің 5 сынып оқушысы, кітапхана оқырманы ДЕРБІСБЕК ШАПАҒАТ жүлделі ІІІ орынды /100 000 теңгелік сертификат/ иеленді.
Сондай -ақ, "Қобыланды батыр" жыры бойынша Ө.Жәнібек атындағы №4 мектеп - лицей интернатының 6 сынып оқушысы МАЛИК ГҮЛСЕЗІМ жүлделі ІІІ орынды /200 000 теңгелік сертификат/ иеленді.
ҚҰТТЫ БОЛСЫН! ЖАРАЙСЫҢДАР!
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.