Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
23 Apr 2025

«Ақындық - Алладан келген үлкен сый»

 

📌«Ақындық - Алладан келген үлкен сый» деп дана бабаларымыз айтқандай, қазақ халқы қашанда ақынын құрметтеген, қастерлеген, еркелеткен. Сондай арқалы ақындарымыздың бірі - Қазақстан Республикасының халық ақыны, «Парасат» орденінің иегері, Жамбыл атындағы сыйлықтың лауреаты, жерлесіміз Қалыбекова Әселхан Әлшеріқызы еді.

📚Әселхан Әлішеріқызының туылғанына биыл 75 жыл толып отыр. Осыған орай «Отырар» кітапханасының ұйымдастыруымен «Желегін кір шалмаған көңілімнің» атты облыстық «Әселхан оқулары» байқауы болып өтті.

📚Байқаудың мақсаты - Әселхан Қалыбекованың өмір жолы мен жауһар жырларын кейінгі ұрпаққа өнеге ету. Байқауға Отырар ауданының Құрметті азаматы, ҚР-ның білім беру ісінің үздігі, «Ы.Алтынсарин» төс белгісінің иегері, ақын, ұстаз Нәлібаева Жұмакүл және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Құрманбек Айгүл, ақын, «Отырар әдебиеті және өнері» бірлестігінің төрағасы Полатбаев Дәурен сарапшылық жасады.

📌Байқауға аудандардан 13 үміткер қатысты. Сарапшылардың шешімі бойынша

🏆Отырар ауданынан Шерехан Дариға бас жүлде,

🥇Созақ ауданынан Амангелді Жүрсін І орын,

🥈Түркістан қаласынан Індемесов Бекзат ІІ орын,

🥉Қазығұрт ауданынан Әбдуәлі Талғат ІІІ орынды иеленді.

🏅«Сұлу сөздің шебері» номинациясымен Ордабасы ауданынан Қайырлиева Салтанат, «Көркем сөз шебері» номинациясымен Сауран ауданынан Іңкәрбекова Ғазиза, «Жас талант» номинациясымен Кентау қаласынан Шамаханова Ақмарал иеленді.

Басқа да қатысушы үміткерлер алғыс хаттармен марапатталды.