Бүгін қазақтың ұлы жазушысы Ілияс Есенберлиннің туған күні.
Ілияс Есенберлин - күллі ғұмырын қазақ әдебиеті мен тарихына арнаған, қазақ әдебиетіндегі тарихи роман жанрының негізін салған классик жазушы.
Бұл туралы өзі: «…осы шығармалардан кейін тарихи тақырыптарға көштім. Өйткені көп жылдан бері көкірегімде жүрген арманым болатын. Жалпы алғанда «Көшпенділер» атты трилогияға кірістім. Оның алғашқы кітабы – «Алмас қылыш», содан кейін «Жанталас», «Қаһар». Бұл трилогиямның өзі маған оңайға түскен жоқ. Жиырмаға таяу жыл өмірімді алды…», – деп жазған.
І.Есенберлиннің ХV–ХІХ ғасырлардан тарихи сыр шертетін «Көшпенділер» трилогиясы – 30 жылдың ішінде 50 рет басылып, жалпы тиражы 3 млн данадан аса шығарылған және әлемнің 30 тіліне аударылған құнды шығарма. Ол 1982–1983 жылдары ХІІІ–ХV ғасыр аралығындағы халқымыздың тарихын баяндайтын «Алтын Орда» трилогиясын жазды.
Ілияс Есенберлин – Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, сондай-ақ «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» орден, медальдарымен марапатталған.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.