Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
05 Dec 2024

КІТАП ОҚУ ӘДЕТІ НЕГЕ ДӘСТҮРДЕН АЛЫСТАП БАРА ЖАТЫР?


Кітап - адам жанының емшісі. Кез келген кітапты оқығанда оның міндетті түрде жақсы не жаман әсері болады. Әсіресе көркем шығарманың оқырманға берер эстетикалық әсері зор.

Библиотерапия: кітапқұмарлар жүйке ауруына аз шалдығады.

Қазіргі заманның өзгешелігінен туындап жататын психологиялық қиындықтарды библиотерапиямен реттеу кең өріс алып келеді. Психологтар стресті жағдайда өзіңіз ұнататын жазушының кітабын оқуға кеңес береді.

Ғалымдар мына нәрсені анықтаған: кітапқұмарлар түрлі жүйке ауруларына аз шалдығады екен. Кітап оқу - күнделікті жүйкенің жұқаруын 68 пайызға төмендетеді екен.

Кітап оқу адам өмірін ұзарта ма?

Кітапты көп оқыған адамның дүниетанымы кең, білімі мол, өте сауатты болатыны рас. Ал, кітап оқудың өмірді ұзартатыны жайлы не білеміз? Осы сауалдың жауабын білмек мақсатта АҚШ мамандары арнайы зерттеу жүргізгенде кітап оқымайтындарға қарағанда кітап оқитындардың едәуір ұзақ жасайтынын байқайды.

Бала және кітап.

Кітап оқуды балаларға жастайынан үйреткен жөн. Оқу-балалардың білімін жетілдіруде, ой-өрісінің кеңейуіне, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына жан-жақты әсер етеді.

Жетімдіктің азабын тартқан орыстың ұлы жазушысы Максим Горький: «Менің ұстазым - кітап», - деген екен.

Қазіргі қазақ оқырманы қандай кітаптар оқиды?

Әрбір ұлттың ұлт болып қалуы үшін өз ана тілінде жазылған, ұлттық құндылықтарын, болмысын әспеттеген шығармаларды оқудың бірден-бір шарт екендігін еске салғымыз келеді. Тағы да айтарымыз: ойлаған ойларымыз, кітапты оқып ойға түйгендеріміз, сөйлеген сөздеріміз - барлығы да ДНК-ға беріліп, одан ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып кететінін ойлансақ деймін.

«Кітапханасы бар елдің мәдениеті ешқашан да құрымайды» деген екен академик Д.Лихачев. Ал сол кітапханалардағы кітаптарда рухани құндылықтары сақталған ұлт та жоғалмайды. Өйткені, ұлтты ұлт етіп ұстап тұратын ұлттық мәдениет болса, сол мәдениетті қажет ететін де, көзінің қарашығындай сақтайтын да - ұлт!

Дандай Ысқақұлы

«Қызмет». - 29 қараша. - 2024 жыл.