Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
31 Oct 2024

«Біздің Бөркен»


Шәуілдір ауылының тұрғыны, кітапханамыздың белсенді оқырманы, ел ағасы Әбікей /Рәтбек/ Таңат өмірден ерте озған саурандық азамат Бөркен Жұманұлы Құлжановтың өмірі, адами қасиеттері, отбасылық үлгісі, елге сіңірген қызметі жайлы эссе, естеліктері жинақталған «Біздің Бөркен» кітабын аудандық балалар кітапханасы қорына сыйға тартты.

Бөркен Жұманұлы Құлжанов - ата-бабалары ескі Сауран қаласының топырағына кіндік қаны тамған текті ұрпақтың тұяғы. Өзі Мырзашөл өңірінде дүниеге келіп, қазіргі Түркістан облысының Жетісай, Мақтарал аудандарында және Шымкент қаласының салық полициясы мен ұзақ жылдар салық комитетінде, тағы да басқа жауапты мекемелерде жемісті еңбек еткен мемлекетшіл, қоғамшыл, елсүйер азамат.

Кітап сүйер оқырманды «Біздің Бөркен» кітабын оқуға шақырамыз! Бұл кітап – Бөркен Жұманұлының өз өмірінің ғана емес, Сауран топырағынан шыққан қаламгерлер Нассень Қожабай, Рахматулла Момбеков, Ілияс Қожабевтың адам бойындағы сантүрлі озық қасиеттерді паш ететін шиеленісті оқиғаларға құралған эссе, әңгімелер мен өлендер ұсынылады. Кітапханаға кітап сыйлап, ерекше көңіл күй сыйлаған Отырар ауданының белгілі, беделді азаматы Әбікей Таңат ағамызға алғыс білдіреміз!