Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
20 Sep 2024

«KitapTime»


Ұлы ойшыл, жерлесіміз Әбу Нәсір әл-Фараби бабамыз айтқандай «Кітапхана-даналықтың қазынасы», асыл мұраларды ел игілігіне пайдаландыра отырып, ұрпақтан - ұрпаққа аманат етіп тапсырып отыратын рухани орда болса, кітап - білім мен ғылымның бастауы.

Бүгін еліміздің барлық аймақтарында өтіп жатқан «KitapTime» фестивалі кітаптың мәртебесін көтеру, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және кітап оқу мәдениетін дамыту мақсатында «Отырар» кітапханасында ұйымдастырылды.

Мерекелік шараның шымылдығын аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Айнагүл Рыскелді алғы сөзбен ашып, фестивалдің мәні мен мазмұнына тоқталып өтті.

Кең көлемдегі кітап көрмесін таныстырудан бастау алған шара барысында қонақтар мен оқырмандар өздерінің жеке кітапханаларынан кітаптар сыйлап, біздің кітап қорымыздың молаюына өз үлестерін қосты.

Мәдениет сарайының өнерпаздары әсем әннен шашу шашса, кітапхана қызметкерлері жергілікті ақындардың өлеңдерін оқып, көпшілік көңілінен шыға білді.

Шара барысында оқырмандар өздерінің ой-пікірлерін айта келе, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.