Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
18 Sep 2024

«Әлемді кітап арқылы танимын»


Кітап – адам баласының баға жетпес құндылығы. Кітаптың құндылығы жайында Хакім Абай «Артық білім кітапта, ерінбе оқып көруге» деп бекер айтпаған.

Бүгін ең көп оқитын оқырмандар арасында ұлттық әдебиетіміздегі үздік туындыларды оқу және насихаттау, балаларға рухани және патриоттық тәрбие беру, ең көп оқитын оқырманды анықтау, оларға қолдау көрсету мақсатында «Әлемді кітап арқылы танимын» атты аудандық іріктеу байқауы болып өтті.

Байқауға биылғы жылы республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында шығармалары таңдалынып алынған және 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде атап өтіліп жатқан, қазақ прозасына өзгеше өрнек әкелген көрнекті балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасы ұсынылған еді.

Байқауға әр ауыл округтерінен 11 үміткер қатысып, «Менің отбасым және кітапхана» (бейнеролик), «Балалық шаққа саяхат» (отбасымен бірге сахналық көрініс), «Зияткерлер алаңы» (сұрақ-жауап) кезеңдері бойынша өз қарым-қабілеттері мен өнерлерін көпшілікке ұсынды.

Оқырман балалардың өнерін бағалаған әділ қазылар алқасының шешімі бойынша Ақтөбе ауылдық кітапханасының оқырманы Умирхан Абдолла бас жүлдені иеленді. Қалдаяқов ауылдық кітапханасының оқырманы Жамалбек Нурислам І орын, Арыс ауылдық кітапханасының оқырманы Еркінбекқызы Маржан мен Темір ауылдық кітапханасының оқырманы Әжмахан Аян ІІ орын, Аққұм ауылдық кітапханасының оқырманы Тәліпбек Бектас пен Шәуілдір ауылдық кітапханасының оқырманы Төленбай Жания ІІІ орындарды иеленді. Басқа да қатысушыларға алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Байқау барысында үміткерлердің ата-аналары мен құрбылары жанкүйер болып, оларға қолдау көрсетіп отырды.

Жеңімпаздарға марапаттарыңыз құтты болсын, кітаппен дос өрендеріміздің жолдары ашық болсын деген тілек білдіреміз!