Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады.
Мемлекет басшысы жолдауда түрлі бағыттар бойынша айта келе, «Таза Қазақстан» экологиялық науқанға орай «Халқымыздың бойында жақсы қасиеттер өте көп, өзге елдер бізді қонақжай, ақкөңіл халық ретінде біледі. Сол сияқты тазалық та жұртымыздың қанына, жанына сіңген қасиет болу керек!» деп атап өтті.
Сонымен қатар, «Келесі жылы Астанада Жасанды интеллект ұлттық орталығын іске қосу керек. Бұл орталық оқушылар, студенттер, ғалымдар және кәсіпкерлер үшін әрдайым ашық болады. Қазақстан жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын және цифрлық технологияларды дамытып жатқан елге айналуы тиіс. Бұл - Үкіметтің басты міндетінің бірі. Парламент депутаттарын осы жұмысқа атсалысуға шақырамын», - деді президент.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.