Белгілі жазушы Жақау Дәуренбековтің «Ой дауа» атты кітабында кітап туралы:
«Кітаптың бетін ашпасаң, өмір де саған есігін ашпайды», «Кітабын ұмытқан қоғам – ескегін ұмытқан қайықшыға ұқсайды», «Кітаптағы өмір мен нағыз өмір - бір өзеннің екі жағалауын елестетеді», «Халық кітаптың көптігінен зардап шекпейді, кітаптың кемдігінен зардап шегеді», «Кітап мәдениеті дегеніміз – адам мәдениеті», «Бұрын кітапқұмарлар көп еді. Қазір өзі жазып, өзі шығаратын кітап қуарлар көбейді», «Күмбезі көп елдің діні мықты, кітабы көп елдің тілі мықты», «Кітап – тілдің құндағы», «Даналықтың дәні кітапта», «Гәп – қанша кітап оқығаныңда емес, қандай кітап оқығаныңда», «Кітап – ойдың қайнары, сөздің майданы» деген қанатты сөздерден көп нәрсені ұғынуға болады.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.