Атам қазақ «Білімнің бастауы - кітап» десе, қазақтың бас ақыны данышпан Абай атамыз «Артық ғылым кітапта, ерінбей, оқып көруге» дейді.
Кітап адамды ізгілікке, ізеттілікке, адам болуға, арды аттап, жат қылыққа бармауға тәрбиелейді.
Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Жаз қызығы кітаппен» жобасы аясында «Кел, табиғат аясында кітап оқиық» атты қызықтыру сағаты өтті.
Мақсатымыз: Егемен елімізді әлемге танытып, болашақта ойлаған армандарының орындалуы үшін, ерінбей білім алу керектігін, ал білім алудың басты құралы-кітап екенін ұғындыру.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.