Ақпараттық библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Р. Мақтабекова қазіргі ақпараттық қоғамда кітапхананың басты міндеттерінің бірі – оқырманға қажетті ақпаратты жедел, нақты және тартымды түрде ұсыну туралы сөз қозғап, осы міндетті жүзеге асыруда библиографиялық құралдардың маңызы ерекше екендігін айтып өтті. Сонымен қатар библиографиялық өнімдерді жаңа мазмұнмен толықтыру, электронды библиографиялық көрсеткіштер даярлау және QR – коды толықтырылған басылымдар мен цифрлық буклеттер сияқты заманауи форматтардың тиімділігі туралы айта келе, «Библиография әлеміне саяхат » атты іскерлік ойын ұйымдастырды.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.