Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
16 июн 2026

⚜️«Қазақ даласының қара нары»⚜️

#ҚАЖЫМҰҚАН_МҰҢАЙТПАСҰЛЫ_155_ЖЫЛ #АЙМАҚТЫҚ_СЕМИНАР

⚜️«Қазақ даласының қара нары»⚜️

📚Қара күштің иесі ғана емес, ұлттық намыстың символына айналған ұлы тұлға – Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдық мерейтойына орай Кітапхананы дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Ақтөбе ауылдық кітапханасында «Қазақ даласының қара нары» атты аймақтық семинар болып өтті.

📚Шараға Қажымұқан бабамыздың өмір жолын зерттеп, «Аңыз бен ақиқат» кітабын жазған өлкетанушы Бекжан Бейсенбай, Ақтөбе ауыл округінің әкімі Арапбай Бақбергенов, Қ.Мұңайтпасұлы атындағы мектептің ұстаздары және ауылдық кітапханашылар қатысты. Семинарға келген қонақтар мен кітапханашылар ең алдымен Ақтөбе ауылында орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасұлының музей-үйіне саяхат жасады.

📚Кең көлемдегі «Дала батыры - Қажымұқан» атты көрме-инсталлияцияны таныстырудан бастау алған бұл шара ұлы бабамыздың балалық шағына арналған көрініспен жалғасты. Сонымен қатар өмір жолына арналған «Ұлт рухын көтерген тұлға» бейнебаяны көрсетілді.

📚Сондай-ақ шарада оқырмандар дайындаған әдеби композиция көпшілік назарына ұсынылып, тақырып аясында әдеби ойын ұйымдастырылды.

📚Кәсіби іс-тәжірибе алмасу мақсатында өткен аймақтық семинар нәтижесі кітапханашылардың кәсіби шеберлігін арттыруға және кітапхана қызметін дамытуға үлкен серпін берді деп айтуға болады.

📚Осындай мазмұнды шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, кітапхана ісінің өркендеуіне үлес қосады деп сенеміз.