Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
16 июн 2026

"Әл-Фараби мұрасы - білімнің бастауы"

📚Жас ұрпақтың ғылымға деген қызығушылығын арттыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және әл-Фараби еңбектерін насихаттау мақсатында, "Отырар" кітапханасы және Руханият Әбу Нәсір әл-Фараби музейімен бірлесе ұйымдастыруымен "Фараби оқулары" байқауы болып өтті.

📚"Даналықтың дәнін сепкен данышпан" атты кітап көрмесін таныстырудан бастау алған бұл байқауды алғы сөзбен ашқан аудандық Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сағынтай Құттыбай баба мұрасының өміршеңдігіне тоқталып, үміткерлерге сәттілік тіледі.

📚"Баба еңбегі - ұрпаққа мұра", "Фарабитану", "Ойлы болсаң, озып көр" атты үш кезең бойынша байқауға белсенді қатысқан үміткерлер терең білімдері мен ізденістерін көрсетіп, әділқазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

📚Байқау барысында үздік үміткерлер анықталып, жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. Басқа қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары мен алғыс хаттар табысталды.

Атап айтсақ:

🏅Ақарыс Жұматай Бас жүлде иеленіп, 🥇Әбдуәлиева Айжарық І орын, 🥈Жанерке Серікбай ІІ орын, 🥉Еркінбекқызы Маржан ІІІ орындармен марапатталды.

📚"Фараби оқулары" байқауы жас ұрпақтың білімге деген құштарлығын арттырып, рухани құндылықтарды дәріптеуге зор үлес қосты.