Бүгін біз Абай күнін ерекше форматта атап өттік! Хакім Абай - біздің ұлттық кодымыз бен рухани темірқазығымыз. Ал XXI ғасырда ұлы ақынның мұрасы жасанды интеллект, IT-технологиялар мен смартфондар тілінде қалай дыбысталады? Осы сұраққа жауап іздеп, оқырмандарымыз бен білімді де тапқыр жастарымыздың басын қосқан «Абайдың цифрлық ізі» атты интерактивті кеш өткіздік! Кеште оқырмандар екі топқа бөліп, бақ сынасты. Сайысқа қатысқан «Жан Құмары» және «Нұрлы Ақыл» командалары тек әдеби білімдерін ғана емес, жылдамдық пен логикасын да дәлелдеді: Emoji-квиз бөлімінде эмодзи арқылы жасырылған «Көзімнің қарасы», «Қыс» сияқты туындыларды лезде тапты. QR-кодтар құпиясы: Смартфонмен кодтарды сканерлеп, 7, 17, 30-қара сөздердегі терең мағынаны ашты; Музыкалық код: Абай әндерінің заманауи (lo-fi, рок, жаз) кавер нұсқаларын тыңдап, бірден таныды; Инфографика: Экрандағы 45, 1845, 176, 3 сандарының сандық сырын шешті! Ұлы Абай айтқандай: «Адамның адамшылығы — ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады». Цифрлық әлемде де жүрегіміз «нұрлы ақылға», «ыстық қайратқа», «жылы жүрекке»толы болсын! Смартфон экранынан Абайдың бір ауыз сөзін оқып, ой түйсек — бұл бүгінгі күннің ең үлкен жеңісі! Абай күні құтты болсын! Абайды оқыңыз, цифрлық кеңістікте Абай сөзін таратыңыз!
#АбайКүні #АбайдыңЦифрлықІзі #НұрлыАқыл #ЖастарЖарысы
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.