12 тамыз – Халықаралық жастар күні болып 1999 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен бекітіліп, 2000 жылдан бастап жыл сайын әлем бойынша аталып өтеді.
Жастар күніне орай біздің кітаханамызда «Жастар және кітап: руханиятқа бастар жол» атты тағылымы мол интеллектуалды танымдық іс-шара өтті. Шараға аудандық жастар орталығы, Отбасын қолдау орталығының жастары және жас кітапханашылар қатысты.
Шара барысында қатысушылар екі командаға бөлініп, әдеби білімін, зеректігін, тапқырлығы мен шешендігін сынға салды.
«10 секунд», «Мұқабаны таны», «1 минут – 1 тақырып», «Кейіпкерді таны» секілді төрт кезеңнен тұрған тартысты сайыс барысында әр команда өз білімін ортаға салып, ұйымшылдық пен шапшаңдықтың үлгісін көрсетті.
Әдебиет әлеміне саяхат жасаған мазмұнды шара барысында жастар тек білімдерін сынап қана қоймай, кітаптың адам өміріндегі қадір-қасиетін тағы бір мәрте сезінді.
Шара соңында кітапхана директорының орынбасары Б.Жұмаділдә: «Кітап – көңілге ой, жүрекке нұр, санаға сәуле сыйлайтын рухани шамшырақ.Сол шамшырақтың жарығын жүрегіне жаққан әр жас – елдің ертеңіне жол бастар рухты тұлға»- деп келген жастарды бүгінгі мерекемен құттықтап өз тілегін білдірді.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.