Кітапхананы дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Маяқұм ауылдық кітапханасында Мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф Ө.Жәнібековтің 95 жылдығына орай «Ұлт руханиятының ұлы жанашыры» атты аймақтық семинар өтті. Семинар барысында оқырмандар ғалымның өмірі мен еңбегін насихаттап, мазмұнды көріністер ұсынды. Кітапхана мамандары арасында тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылып, алдағы жұмыстар мен 9 айлық есеп бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға белсенді қатысқан оқырмандар кітапхана директорының атынан алғыс хаттармен марапатталды.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.