Фестиваль мақсаты - кітаптың мәртебесін көтеру, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және кітап оқу мәдениетін дамыту. Фестиваль аясында "Ұлт руханиятының негізі - кітап" тақырыбында мерекелік шара болып өтті.
Мерекелік шараның шымылдығын құттықтау сөзбен ашқан аудандық мәдениет сарайының директоры М. Қауымбаев кітаптың адам өмірінде алар орны мен маңызы туралы айта келе, ұйымдастырушыларға игі тілегін білдірді.
Кең көлемдегі кітап көрмесін таныстырудан бастау алған шара барысында жергілікті қаламгер, «Қажымұқан Мұңайтпасұлы: Аңыз бен ақиқат» кітабының авторы Бекжан Бейсенбаймен кездесу кеші өткізілді. Сонымен қатар "Кітапханаға кітап сыйла" акциясы ұйымдастырылып, қонақтар мен оқырмандар өздерінің жеке кітапханаларынан кітаптар сыйлап, біздің кітап қорымыздың молаюына өз үлестерін қосты. «Белсенді Ұзақ Өмір» орталығының әжелері әсем әннен шашу шашса, жас ақындар өз шығармашылықтарынан өлеңдер оқып, көпшілік көңілінен шыға білді.
Шара барысында оқырмандар арасында кітаптың аты мен мазмұнын және авторларын анықтау мақсатында "Қызықты кітаптар, ғажайып жауаптар" тақырыбында әдеби лото ойнатылды.
Шара соңында кітапхана директоры Р.Пернебаева осындай тәрбиелік мәні зор игі шаралар жас ұрпақ үшін баға жетпес құндылық екенін айта келе, қонақтар мен оқырмандарға алғысын білдірді.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.