Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
13 Oct 2026

📚Кітапхананы дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық орталық кітапханада «Кітапхана жұмысын жаңғырту: жасанды интеллект мүмкіндіктері» тақырыбында зерделі кеңес өтті.

📚Заманауи кітапхана – тек кітап сақтайтын мекеме ғана емес, жаңа технологияларды меңгеріп, оқырманға сапалы ақпарат пен қызмет ұсынатын білім мен руханияттың заманауи орталығы. Осы бағытта ұйымдастырылған семинар барысында кітапхана саласындағы өзекті мәселелер мен жаңа мүмкіндіктер кеңінен қамтылды.
📚Зерделі кеңесті Кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Г.Дәулетова ашып, «Оқитын ел – озық ел» кітап оқу марафоны туралы кеңестерімен бөлісті. Оқырманның кітапқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған бастаманың маңызына тоқталды.
📚Келесі кезекте Ж. Серікқызы қатысушыларды «Оқитын ұлт – ойлы ұлт» атты кітап көрмесімен таныстырып, рухани қазынамыз – кітаптың адам өміріндегі орны мен оқырманды кітап оқуға тартудың тиімді жолдарын атап өтті.
📚Кітапханалық үдерістерді заманауи технологиялармен ұштастыру мәселесі де назардан тыс қалмады. Кітапханалық процестерді автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі Ж. Тәменов «Автоматтандыру бөлімінің жаңа міндеттері: жасанды интеллектпен жұмыс» тақырыбында баяндама жасап, жасанды интеллектіні кітапхана жұмысында тиімді пайдаланудың жаңа бағыттары туралы ой бөлісті.
📚Семинардың маңызды бөлімдерінің бірі – «Қорды ұйымдастырудың заманауи талаптары мен әдістері» тақырыбына арналды. Құжаттарды жинақтау және өңдеу бөлімінің кітапханашылары кітапхана қорын жүйелі ұйымдастыру, құжаттарды жинақтау мен өңдеудің заманауи талаптары жөнінде тәжірибелік маңызы бар ақпараттар ұсынды.
📚Жиын соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, кітапхана қызметін жетілдіру, жаңа технологияларды тиімді пайдалану және кәсіби тәжірибені дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
📖 Бүгінгі кітапхана – дәстүр мен технологияны тоғыстырған, білім мен жаңашылдықты ұштастырған рухани кеңістік. Осындай кәсіби кездесулер кітапхана мамандарының тәжірибе алмасуына, тың идеялармен толықтырып, заман талабына сай қызмет көрсетуіне жол ашады.
#КітапханаЖұмысынЖаңғырту
#ЖасандыИнтеллект
#ОқитынЕлОзықЕл
#КітапОқуМарафоны