Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
17 Sep 2026

«КІТАП TIME – 2026» V жалпы республикалық кітап фестивалі аясында Талапты ауыл округіне қарасты, ауылдық кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Оқырман таңдаған үздік кітаптар» атты әдеби шолу іс-шарасы өткізілді

Іс-шара барысында кітаптың адам өміріндегі рухани маңызы, білім мен тәрбие берудегі орны айтылып, оқырмандарға таңдаулы әдеби шығармалар таныстырылды. Көкмардан ауылдық кітапханашысы Елемесова Гүлбибі «Таңдаулы 100 кітап» тізіміндегі шығармаларға, ал Ынталы ауылдық кітапханашысы Мауленова Дина Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оқуға ұсынған 7 әдеби кітапқа әдеби шолу жасады.

Сарыкөл кітапханашысы Әлиасқарова Күмісай ұйымдастырған «Әдеби лото» ойыны арқылы оқырмандар әдебиетке қатысты білімдерін сынаса,

Шытты ауылдық кітапханашысы Сұлтанбек Сандуғаш қазіргі шетел әдебиеті мен қазақ тіліне аударылған таңдаулы шығармаларды таныстырып, әлем әдебиетінің үздік туындыларын оқуға кеңес берді.

Шара соңында ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 17-қара сөзіндегі Ақыл, Қайрат және Жүректің өзара таласын арқау еткен сахналық көрінісі қойылды.Көрініс арқылы адам бойындағы осы үш қасиеттің үйлесімділігі мен маңызы ашылып,Абайдың терең философиялық ойлары оқырмандарға жеткізілді.Осылайша шара мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор ой - толғаммен қорытындыланды.