Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
10 Aug 2026

Бүгін қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай ақынның шығармашылығы мен рухани мұрасын дәріптеуге арналған «Хакім Абай – ұлт руханиятының темірқазығы» атты әдеби-танымдық кеш өтті

🎶 Шараның шымылдығы ақ жаулықты әжелеріміздің орындауындағы Абайдың «Көзімнің қарасы» әнімен ашылды.

📚 Кеш барысында «Ұлы халықтың –ұлы Абайы» атты кітап көрмесі таныстырылып, ақынның өмірі мен шығармашылығы, әдеби мұрасы кеңінен насихатталды.

Мәдениет сарайының директоры Мейірбек Қауымбаев құттықтау сөз сөйлеп, Абай мұрасының ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына тоқталды.

🎤 Жас айтыскер ақын Сұлтан Сәуірхан ақынға арналған арнауын орындаса,

жастар Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

🎼 Ұлттық өнеріміз ұлықталған кеште Абайдың «Торжорға» және «Май түні» күйлері орындалды.

📖 «Толық адам ілімі – кемелдікке бастар жол» тақырыбында тағылымды дәріс оқылып, Абайдың адамгершілік, білім, еңбек және рухани кемелдік туралы ойларын ортаға салды.

🎵 Әншілердің орындауында Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әні шырқалып, кештің сәнін келтірді.

📝 Шара соңында қатысушыларға Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты викториналық сұрақтар қойылып, білімдері сараланды.

Абай мұрасы – халқымыздың баға жетпес рухани қазынасы. Ұлы ақынның өнегелі ойлары мен өсиеттері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, мәңгі жасай бермек.

#АбайҚұнанбайұлы #АбайТуғанКүні #АбайӘлемі #АбайМұрасы #МәңгілікМұра #ТолықАдам #РуханиҚұндылық #ҰлттықӨнер