Сабақ барысында туған өлкеміздің тарихынан сыр шертетін Отырар төбе, Арыстанбаб кесенесі, Пышақшы төбе және басқа да тарихи орындар туралы мағлұматтар берілді. Оқушылар өлкеміздегі киелі орындармен танысып, туған жердің тарихы мен мәдениетінің маңызын тереңірек түсінді.
Туған жер – әр адамның жүрегіне ең жақын, қадірі ерекше қасиетті мекен. Оның әрбір тасы мен төбесінде өткен тарихтың ізі, халқымыздың тағылымды шежіресі жатыр. Тарихи орындарды танып-білу – өткенімізді құрметтеп, ұлттық құндылықтарымызды қастерлеудің жарқын көрінісі.
Осындай танымдық шаралардың басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, тарихи мұраларымызды құрметтеуге тәрбиелеу және елжандылық сезімін қалыптастыру.
Туған жерін таныған ұрпақ – тарихын құрметтейді, тарихын құрметтеген ұрпақ – болашағын бағалайды!
Туған өлкеміздің бай мұрасын танып, оны келер ұрпаққа жеткізу – баршамыздың ортақ міндетіміз.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.