Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
19 Aug 2026

САЯБАҚТА АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІ МЕН QR-КОДТАР СӨЙЛЕДІ!

 

​10 тамыз – Абай күніне орай аудандық орталық кітапхана ұжымы саябақта «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты әдеби-танымдық кеш өткізді.

​Ашық аспан астында өткен кеште жас оқырмандарымыз Хакім Абайдың жүрекке жететін әсерлі өлеңдерін жатқа оқып, әсем әндерін шырқады. Тұрғындар мен жастар QR-код арқылы жасырылған Абайдың қара сөздері мен өмірбаянына қатысты сұрақтарға жауап беріп, өзара бақ сынасты. Арнайы ұйымдастырылған көшпелі кітап көрмесі де көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Кеш соңында белсенді оқырмандарға естелік кітаптар мен сыйлықтар табысталды.

​Абайдың асыл мұрасын бірге жаңғыртқан аудан тұрғындарына алғыс білдіреміз!

#АбайКүні

#АбайдыңЦифрлықІзі

#НұрлыАқыл

#ЖастарЖарысы