Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
13 Aug 2026

12 тамыз –Халықаралық жастар күні «Жастар және кітап: руханиятқа бастар жол»

📚12 тамыз – Халықаралық жастар күні болып 1999 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен бекітіліп, 2000 жылдан бастап жыл сайын әлем бойынша аталып өтеді.

📚Жастар күніне орай біздің кітаханамызда «Жастар және кітап: руханиятқа бастар жол» атты тағылымы мол интеллектуалды танымдық іс-шара өтті. Шараға аудандық жастар орталығы, Отбасын қолдау орталығының жастары және жас кітапханашылар қатысты.

📚Шара барысында қатысушылар екі командаға бөлініп, әдеби білімін, зеректігін, тапқырлығы мен шешендігін сынға салды.

📚«10 секунд», «Мұқабаны таны», «1 минут – 1 тақырып», «Кейіпкерді таны» секілді төрт кезеңнен тұрған тартысты сайыс барысында әр команда өз білімін ортаға салып, ұйымшылдық пен шапшаңдықтың үлгісін көрсетті.

📚Әдебиет әлеміне саяхат жасаған мазмұнды шара барысында жастар тек білімдерін сынап қана қоймай, кітаптың адам өміріндегі қадір-қасиетін тағы бір мәрте сезінді.

📚Шара соңында кітапхана директорының орынбасары Б.Жұмаділдә: «Кітап – көңілге ой, жүрекке нұр, санаға сәуле сыйлайтын рухани шамшырақ.Сол шамшырақтың жарығын жүрегіне жаққан әр жас – елдің ертеңіне жол бастар рухты тұлға»- деп келген жастарды бүгінгі мерекемен құттықтап өз тілегін білдірді.