Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Отбасы. Кітап. Кітапхана» жобасы аясында «Кітап – отбасының сенімді серігі» атты тақырыпта Шараповтар отбасында отбасылық оқу кеші өткізілді. Шара барысында отбасы мүшелері оқыған кітаптары туралы қызықты ойларымен бөлісіп, рухани құндылықтарды насихаттады. Кітап – білім мен тәрбиенің, рухани байлықтың қайнар көзі. Отбасымен бірге кітап оқу – жақындық пен өзара түсіністікті арттырып, балалардың білімге деген қызығушылығын қалыптастырады. Кітап әр отбасының ақылшысы, тәрбиешісі әрі сенімді серігі. Сондықтан отбасымызбен бірге кітап оқып, рухани байлығымызды арттырайық! Теги Жаңалықтар Log in or register to post comments